Accessibility links

Байқоңырдан кезекті «Протон-М» ғарышқа ұшты


Байқоңырдан Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығышының ғарышқа ұшқан сәті. 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңырдан Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығышының ғарышқа ұшқан сәті. 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астана уақыты бойынша 18 сағат 12 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды деп хабарлайды Ресейдің «Роскосмос» ғарыш агенттігі.

Кезекті «Протон-М» ғарышқа «Инмарсат-5Ф1» коммуникациялық аппаратын алып ұшқан.

Бұл биыл жазда Байқоңырдағы зымыран апатынан бері ғарышқа ұшырылған төртінші «Протон-М» болып отыр.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бергенде ресейлік «Протон-М» апатқа ұшыраған соң мұндай зымыран тасығыштарын Байқоңырдан ұшыру біраз уақытқа тоқтаған еді. Бірақ 30 қыркүйектен бастап Ресей жағы Байқоңырдан ғарышқа «Протон-М» ұшыруды қайта жалғастырды.

Шілдеде болған апат салдарынан «Протон-М» зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді.
XS
SM
MD
LG