Accessibility links

Бүгін Бағдад қаласы мен оның маңында болған жарылыстар салдарынан кемінде 28 адам қаза тауып, 90-ға жуық адам жараланған. Бұл туралы қауіпсіздік қызметі мен дәрігерлер хабарлап отыр.

Шабуылдардың көпшілігі Бағдадтың шиитер тұратын аудандарында болған.

Кеше Ирак астанасында болған шабуылдарда 16 адам мерт болған еді.

France Рress агентігінің хабарлауынша, жыл басынан бері Иракта 6300-ге жуық адам түрлі шабуылдар салдарынан қаза болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG