Accessibility links

Киевте Ленин ескерткішін құлатты


Ленин ескерткішін құлатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

ВИДЕО: Ленин ескерткішін құлатты. Киев, 8 желтоқсан 2013 жыл.

Жексенбі күні Киевте наразылық акциясына қатысушылар президент әкімшілігі мен үкімет үйінің жан-жағына баррикада орнатты. Қала орталығындағы Тарас Шевченко бульварындағы совет көсемі Владимир Ленинге орнатылған биіктігі 3 метрлік ескерткішті жастар тобы шынжыр байлап құлатып, темір балғамен ұрып талқандап тастады. Бірнеше күннен бері ескерткішті күзетіп тұрған милиция өкілдері бұл оқиғаға араласпай, сырттай бақылап тұрған.

Ескерткішті құлатқандар Украинаның мемлекеттік туын тігіп, әнұранын шырқаған. Кейін Ленин ескерткішінің бір бөлігін Тәуелсіздік алаңында жиында тұрған жұртқа көрсетті.

Парламенттегі оппозициялық «Батькивщина» фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк Украинада төтенше жағдай енгізу туралы билік жоспары барын айтты. Егер президент Виктор Янукович ондай қадамға баратын болса, оппозиция бүкіл халықты алаңға шығуға шақырады деп мәлімдеді Яценюк.

«Януковичтің режиміне қаржылай қолдау беру үшін Кремль «Украинада тәртіп орнату туралы» шарт қойған, бұл сөз төтенше жағдай енгізіп, жаппай наразылық акцияларын қатал күшпен басып-жаншуды білдіреді» делінген «Батькивщина» партиясының мәлімдемесінде.

Заң бойынша, төтенше жағдай (30 күндік, бірақ жекелеген аумақтарда 60 күннен аспайтын) жарияланған соң елді мекенге кіріп-шығу ерекше тәртіпке көшіріледі; қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтіледі; көп адам қатысатын жиындар және ереуілдер өткізуге тиым салынады; коменданттық сағат тәртібі енгізіледі; азаматтық теле- және радиохабар тарату орталықтарының жұмыстары реттеледі; байланыс түрлерін пайдалану және интернет арқылы ақпарат алмасу ерекше тәртіп бойынша жүргізіледі.
XS
SM
MD
LG