Accessibility links

МАГАТЭ өкілдері Иранның ядролық зауытын тексерді


Арактағы ауыр су зауыты. Иран, 26 тамыз 2006 жыл. (Көрнекі сурет)
Арактағы ауыр су зауыты. Иран, 26 тамыз 2006 жыл. (Көрнекі сурет)
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранның Арак қаласындағы ядролық реактор зауытына бір күндік тексеру жұмыстарын аяқтады.

Бұл – МАГАТЭ-нің Иранның ядролық нысандарына соңғы екі жылда жасаған алғашқы тексерісі.

МАГАТЭ инспекторлары Тегераннан 300 километр қашықтықтағы Аракқа 24 қарашада Женевада жасалған келісім бойынша барып отыр.

Тегеран мен алты ел қол қойған келісімде Иранның уранды бес пайызға дейін байытуы алты айға тоқтайтын, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар азайтылатын болып шешілген. Иран үкіметі бұған қоса, Арақтағы ядролық реакторды іске қоспауға да келіскен.

Батыс елдері Арактағы зауыт плутоний қаруын жасауға пайдаланылуы мүмкін деп қауіптенеді.

МАГАТЭ инспекторлары тексеру қорытындысын Венадағы штаб-пәтеріне барған соң жарияламақ.
XS
SM
MD
LG