Accessibility links

Түркияда полициямен қақтығыстар болды


Түркия полициясы. (Көрнекі сурет)
Түркия полициясы. (Көрнекі сурет)
Түркияның күрдтер тұратын Диярбакыр қаласында шерушілер мен полицейлер арасында қақтығыс болды.

Мұнда өткен жұмада ұлты күрд екі демонстрант қаза тапқан еді. Наразылық шеруіне қатысқан 5 мыңнан астам адамды тарату үшін полиция су атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ондаған адам жараланған. Олардың кейбірі - полицейлер. Бес адам тұтқындалған.

Өткен жұма, 6 желтоқсанда, 34 және 32 жастағы екі демонстрантты полиция қақтығыста атып тастаған еді. Наразылық акциялары биліктің осы аймақтағы күрдтер жерленген зират "күрелуі тиіс" деген мәлімдемесіне орай басталған.

Наурыз айында "Күрд жұмысшылар" партиясы Түркия арнайы қызметімен жасырын келіссөздер өткізіп, Анкарамен бітімге келгенін жариялағалы бері аймақта тыныштық орнаған еді. "Күрд жұмысшылар" партиясының жетекшісі Абдолла Оджалан қазір түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG