Accessibility links

Солтүстік Корея президентінің туысы биліктен шеттетілді


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (алда) әскери шенеуніктермен тұр. Солтүстік Корея, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (алда) әскери шенеуніктермен тұр. Солтүстік Корея, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның ықпалды туысы «мемлекетке қарсы әрекеті үшін» биліктен шеттетілді.

Солтүстіккореялық ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ынның немере ағасы, елдің қорғаныс комитеті төраға орынбасары Чан Сон Тхэк «басқарушы партия құрамында коалиция құрып, өзі туралы жалған пікір қалыптастырып, партия жұмысы мен мақсатына нұқсан келтірген».

Ресми ақпарат құралдары таратқан хабарларға қарағанда, Чан Сон Тхэк «қызмет өкілетін асыра пайдаланған, заң бұзып, сыбайлас жемқорлыққа барған, шетелде емделуге барғанында әйелдермен сөкет қатынастар жасаған, есірткі пайдаланып, құмар ойын ойнаған».

Оңтүстіккореялық арнайы қызмет орындарының дерегінше, Чан Сон Тхэктің екі көмекшісі пара алды деген айыппен өлім жазасына кесіліп, үкімдері орындалған. Бірақ ресми БАҚ олар туралы ақпарат таратпады.
XS
SM
MD
LG