Accessibility links

Олимпиада медалі қымбат бағаға сатылды


1936 жылы Берлинде өткен олимпиадада америкалық жеңіл атлет Джесси Оуэнс ұтып алған алтын медаль онлайн аукционда рекордтық қымбат бағаға сатылды. Аты-жөнін құпия ұстаған сатып алушы медальді 1 миллион 466 мың 574 АҚШ долларына алды. Бұған дейін олимпиада символикасы мұндай үлкен сомаға сатылмаған.

Оуэнс 100, 200 метр қашықтыққа, 400 метрлік марафонға жүгіруден, ұзындыққа секіруден төрт алтын медаль ұтып алған еді. Тарихшылардың дерегіне қарағанда, Берлиндегі ойындар арқылы арийлік нәсілдің артықшылығын көрсеткісі келген Адольф Гитлер афроамерикалықтың германиялық спортшыны басып озғанына ашуланған.

Оуэнс жеңіп алған өзге үш алтын медальдің қайда екені белгісіз.
XS
SM
MD
LG