Accessibility links

Германия президенті Сочиге барудан бас тартты


Германия президенті Йоахим Гаук.

Германия президенті Йоахим Гаук.

Германия президенті Йоахим Гаук Сочиде (Ресей) өтетін қысқы олимпиада ойындарына бармайтын болды. Немістің Der Spiegel басылымының хабарлауынша, президенттің баспасөз хатшысы бұған дейін де бұрынғы президенттердің қысқы олимпиада ойындарына бармағанын айтып, Йоахим Гауктың бас тартуын "олимпиадаға байкот жариялау емес" екенін ескерткен.

Бірақ басылым "Гаук Ресей үкіметінің азаматтардың құқықтарын шектеп, саяси оппозицияға қысымды күшейткеніне жауап ретінде Сочиге барудан бас тартып отыр" деген жорамал жасайды.

Йоахим Гаук - бұрынғы коммунистік Шығыс Германиядағы азаматтық құқық белсендісі, Берлин қабырғасы құлағаннан кейін құпия Штази полициясының мұрағатына басшылық жасаған протестанттық пастор. Ол 2012 жылы ақпанда Германия президенті болғалы бері Ресейге бармаған.
XS
SM
MD
LG