Accessibility links

Манделамен 70-ке тарта ел басшысы қоштаспақ


Оңтүстік Африканың бұрынғы президенті Нельсон Мандела. Йиханнесбург, 2003 жыл.

Оңтүстік Африканың бұрынғы президенті Нельсон Мандела. Йиханнесбург, 2003 жыл.

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) бұрынғы президенті, 95 жасында дүниеден озған Нельсон Манделаны жерлеу шараларына 70-тен астам президент пен үкімет басшылары қатыспақ.

ОАР сыртқы істер министрлігінің бүгін хабарлауынша, ертең, 10 желтоқсанда өтетін Манделамен қоштасу шарасына АҚШ президенті Барак Обамадан бастап Куба президенті Рауль Кастро, Франция президенті Франсуа Олланд, Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон және басқа да мемлекет басшылары келмек. Манделамен қоштасу шарасы Йоханнесбургтегі орталық стадионда өтеді.

20 ғасырда Оңтүстік Африка республикасында апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген, ОАР-дің қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Манделаның қайтыс болғаны туралы 5 желтоқсанда ОАР президенті Джейкоб Зума жұртшылыққа хабарлаған.

Нельсон Манделаны жерлеу рәсімі 15 желтоқсанда өтпек.
XS
SM
MD
LG