Accessibility links

Иракта жарылыстан 11 адам мерт болды


Иракта болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Киркук қаласы, 4 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Иракта болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Киркук қаласы, 4 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирак астанасы Бағдадтан солтүстік-шығысқа қарай 60 километр жерде орналасқан Бухриз қаласында көлікке жасырылған бомба жарылып, 11 адам қаза тапты. Жарылыс қаланың сүнниттер тұратын ауданында болды.

8 желтоқсанда Бағдад қаласы мен оның маңында болған жарылыстардан 39 адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланған еді. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

БҰҰ деректері бойынша, Иракта жыл басынан бері жарылыстар мен түрлі шабуылдардан 8 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Ирактан 2011 жылы АҚШ әскері шығарылып, Сириядағы жағдай шиеленіскеннен бері "Әл-Қаиданың" аймақтағы ықпалы күшейе түсті.
XS
SM
MD
LG