Accessibility links

AI Ұлыбритания арнайы қызметі үстінен шағымданды


Amnesty International ұйымының белсенділері Ресей үкіметін Greenpeace ұйымы мүшелерін босатуды талап етіп тұр. Париж, 31 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Amnesty International ұйымының белсенділері Ресей үкіметін Greenpeace ұйымы мүшелерін босатуды талап етіп тұр. Париж, 31 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы өздеріне қарсы тыңшылық жасалған болуы мүмкін деп Ұлыбритания трибуналына шағымданды.

Amnesty International мүшелерінің пікірінше, ұйымның байланыс арналарына Ұлыбритания мен АҚШ барлау қызметі тыңшылық жасаған болуы мүмкін деген қауіп бар.

Ұйым адам құқықтарының бұзылуына қатысты, оның ішінде АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) терроризмге күдіктілерді ұстап, оларды үшінші бір елге жөнелту бағдарламасын тексерген соң арнайы қызметтің бақылауына тап болғанын айтады.

Ұлыбритания арнайы қызметінің жұмысына шағымдарды қабылдайтын арнайы тергеу трибуналы 2000 жылы құрылған еді. Трибунал өкілдері әзірге шағымға қатысты түсінік берген жоқ.

Amnesty International соттың ашық түрде өтуін талап етеді.
XS
SM
MD
LG