Accessibility links

Литва бұрынғы совет командирлерін сырттай соттамақ


Литва картасы. (Көрнекі сурет)

Литва картасы. (Көрнекі сурет)

Литваның апелляциялық соты кеше СССР тұсындағы арнайы милиция жасағының (ОМОН) бұрынғы екі командиріне сырттай үкім шығарды. Сот шешімі бойынша, "әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады" делінген экс-командирлер Болеслав Макутынович пен Владимир Разводов Ресейде тұрып жатқандықтан сырттай сотталады.

Макутынович пен Разводов 1991 жылы шілдеде Литва-Беларусь шекарасындағы Мядининкай тексеру бекетінде литвалық жеті офицерді өлтірді деп айыпталып отыр.

Совет үкіметі 1991 жылы қаңтарда Литвадағы тәуелсіздік алуды мақсат еткен шараларды басып-жаншу үшін осы елге әскер жіберген еді. Шекара маңында болған зорлық-зомбылықтан барлығы 14 адам қаза тапқан. Совет билігі Литвада "тәртіп орнату үшін" қосымша әскер қалдырған. Олардың арасында Макутынович пен Разводов та болған.
XS
SM
MD
LG