Accessibility links

Қашағанда мұнай және газ құбырлары тексерілмек


Қашағандағы жасанды арал. 21 тамыз 2013 жыл.

Қашағандағы жасанды арал. 21 тамыз 2013 жыл.

Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кен орнында теңіздегі жасанды аралдан "Болашақ" зауытына тартылған құбырлар тексерілетін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кен орнын игеріп жатқан "North Caspian Operating Company" консорциумының хабарлауынша, бұған дейін құбырдың құрлық үстімен жүргізілген бөлігінен ақау табылған соң осындай шешім қабылданған.

"Консорциум іске асыратын жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылғыларының бүтіндігіне мән беріп отыр. Теңіздегі газ және мұнай құбырларынан газ шыққаны байқалмағанымен, консорциум кеніштен мұнай өндіруді қайта бастамас бұрын екі құбырды да толық тексеруден өткізіп алуды жөн деп тапты" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Биыл қыркүйектен мұнай өндіріле бастаған Қашағанда екі рет төтенше оқиға болған еді. Теңіздегі жасанды аралдан "Болашақ" зауытына баратын құбырдан осыған дейін екі рет - қыркүйек пен қазанда газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, мұнай өндіру тоқтатылған. Қазір Қашағанда мұнай өндіру тоқтап тұр, кеніште тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG