Accessibility links

Астанада адам құқығына байланысты көрме ашылды


WorldPressPhoto көрмесін тамашалаушылар. Астана, 10 желтоқсан 2013 жыл.
WorldPressPhoto көрмесін тамашалаушылар. Астана, 10 желтоқсан 2013 жыл.
Астанада 10 желтоқсан күні кешке Халықаралық адам құқығы күніне арналған WorldPressPhoto көрмесі ашылды. Бұл көрме Орталық Азияда тұңғыш рет өтіп жатыр.

Көрме суреттері "Керуен" сауда және ойын-сауық кешенінің екінші-үшінші қабаттарына қойылған. Суреттер Оңтүстік Африкадағы адам құқығы бұзылуын, Сириядағы соғысты, Израиль-Палестина қақтығысын, әлемдегі әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді бейнелейді. Көрмеде Қазақстан жайлы, Орталық Азия елдері туралы суреттер жоқ.

Көрме Астанада 26 желтоқсанға дейін өтіп, одан соң Қарағандыға ауысады.

Көрме Қазақстанға Нидерланд, Норвегия, АҚШ, ЕҚЫҰ орталығы, Еуропа Одағы өкілдігі қолдауымен әкелінген.
XS
SM
MD
LG