Accessibility links

Сочиде наразылық акциялары өтетін аумақ құрылмақ


Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах. Нью-Йорк, 6 қараша 2013 жыл.
Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах. Нью-Йорк, 6 қараша 2013 жыл.
Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахтың хабарлауынша, Ресей Сочиде олимпиада ойындары кезінде наразылық акциялары өтетін арнайы аймақ бөлуге келіскен. Олимпиаданы ұйымдастырушылар мұны ХОК-тің атқару комитетінде берген есебіндеайтқан. Енді Сочиде "өз пікірін білдіргісі келетін немесе шеру өткізгісі келетіндер үшін" арнайы аумақ құрылады.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Сочиде екі жарым ай бойы - Олимпиада және Паралимпиада ойындары кезінде жиын, марш, демонстрация мен пикеттер өткізуге тыйым салатын жарлық шығарған еді.

Сарапшылар "жарлық кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заңға наразыларға қарсы бағытталған" деп санайды.
XS
SM
MD
LG