Accessibility links

General Motors-ты тұңғыш рет әйел басқармақ


General Motors компаниясының жаңа бас директоры Мэри Барра.

General Motors компаниясының жаңа бас директоры Мэри Барра.

АҚШ-тың ең ірі көлік жасаушы кәсіпорны - General Motors компаниясын алғаш рет әйел адам - 51 жастағы Мэри Барра басқармақ. Ол қазіргі бас директор Дэн Акерсонды алмастырады.

Компаниядағы кадрлық өзгеріс АҚШ үкіметі компания капиталынан біржолата шығып кетісімен бір күннен соң болды. Бес жыл бойы компанияда үлесі болған АҚШ үкіметі онда қалған 31 миллион акциясын сатқан.

АҚШ үкіметінің компаниядағы қаржы шығыны шамамен 10 миллиард АҚШ долларын құрайды. Үкімет 2009 жылы компания банкроттыққа ұшырауға шақ тұрғанда оған 50 миллиард АҚШ долларын салған еді. Үкімет 31 миллион акциясын сатып, небәрі 39,9 милилард АҚШ долларын ғана қайтарып алды.
XS
SM
MD
LG