Accessibility links

Уругвай әлемде алғаш марихуананы заңдастырған ел атанды. Уругвай сенаты 10 желтоқсанда үкімет ұсынған заң жобасын - қарасораны өсіріп, одан марихуана өндіру және оны сату, пайдалануды заңдастыратын заң жобасын қолдап дауыс берді.

Заң бойынша, енді 18 жасқа толған Уругвай азаматы дәріханалардан айына бір рет 40 граммға дейін марихуана сатып ала алады. Бұған қоса, уругвайлықтар үйлерінде алты түп қарасора (480 грамм марихуана алынатындай көлемде) өсіре алады.

Заң 120 күннің ішінде күшіне енеді.

Уругвайдан өзге бірнеше елде марихуананы заңдастыру мәселесі талқыланып жатыр.
XS
SM
MD
LG