Accessibility links

Қазақстан металл сынықтарын шығаруға шектеу қойды


Металла сынықтары. (Көрнекі сурет)
Металла сынықтары. (Көрнекі сурет)
Қазақстан үкіметі металл сынықтары мен металл қалдықтарын сыртқа шығаруға уақытша тыйым салды. Бұл туралы үкімет қаулысы бүгін ресми баспасөзде жарияланды.

Қаулыда "ішкі нарықта металл сынықтары мен металл қалдықтары тапшылығын болдырмау үшін" сыртқа шығаруға екі ай мерзімге тыйым салынатыны айтылған.

Қаулы ресми БАҚ-та жарияланғаннан соң он күн өткенде күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG