Accessibility links

Киевте милиция жасағы қала мэриясынан кетті


Қала мэриясын алмақ болған милиция жасағы. Киев, 11 желтоқсан 2013 жыл.

Қала мэриясын алмақ болған милиция жасағы. Киев, 11 желтоқсан 2013 жыл.

Киевте бүгін милиция арнайы жасағы қала мэриясына бекінген демонстранттарды шығармақ болып, екі жақ арасында қақтығыс болды. Демонстранттар ғимараттың көтергіш сатыларына бекініп, милиция жасағына ғимарат терезелерінен шлангымен су шашқан. Бұдан соң милиция жасағы мэриядан кетуге мәжбүр болған.

Милиция жасағы наразылармен негізінен ғимараттың кіреберісінде қақтығысқан. Мэрияны қайтарып алу кезінде милиция жасағы ғимарат айналасына автобустарды қойып, қоршап тастаған.

11 желтоқсанға қараған түні арнайы жасақтың жүздеген сарбазы "Еуромайдан" акциясы өтіп жатқан Тәуелсіздік алаңының маңына орнатылған бөгеттерді бұзып, демонстранттарды алаңнан ығыстыра бастаған. Қазір алаңның біраз жері тазартылған.

Оппозиция жетекшілері демонстранттарды шегінбеуге шақырып, алаңда шерушілер қарасы дереу көбейе бастаған соң милиция жасағы алаңды қоршауды тоқтатты.

10 желтоқсанда Украина президенті Виктор Янукович Украина делегациясы Еуропа одағымен жақын байланыс орнату мәселелерін талқылау үшін бүгін Брюссельге баратынын хабарлаған еді. Бірақ бүгін Еуроордақ жетекшілері Украина делегациясымен ешқандай келіссөздер болмайтынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG