Accessibility links

Үндістан соты: Бір жынысты неке заңға қайшы


Үндістандағы гейлер қоғамының мүшелері. Бангалор штаты. (Көрнекі сурет)
Үндістандағы гейлер қоғамының мүшелері. Бангалор штаты. (Көрнекі сурет)
Үндістанның Жоғарғы соты бүгін бір жыныстылар некесін қылмыс деп таныған шешім шығарды. Жоғарғы сот Нью-Дели сотының 2009 жылғы үкімінің күшін жойды. Нью-Дели соты ол кезде Ұлыбритания отарлығы кезінен бар, бір жынысты некені жауапқа тартатын заңның күшін жойған еді.

Жоғарғы сот шешімінен соң ондаған адам сот ғимараты алдында наразылық танытты. Бірақ Үндістандағы көптеген консервативтік және діни топтар бір жынысты некеге тыйым салынғанын қолдайды.

Құқық қорғаушылар мен гей белсенділері, бұл шешім гомосексуалистерді полицияның қудалауын күшейтеді деп, оны жою үшін күресетіндерін айтады.

Үкімет дерегі бойынша, Үндістанда шамамен 2,5 миллионға тарта гомосексуалист бар.

Үндістанда 153 жылдан бері қолданылып келе жатқан, отарлық кезеңде қабылданған заң бойынша бір жынысты некеге тұрғандар 10 жылға бас бостандығынан айырылады.
XS
SM
MD
LG