Accessibility links

АҚШ Сириядағы көтерілісшілерге көмекті тоқтатты


Сирияда соғысып жатқан исламшыл топ өкілдері. Идлиб провинциясы. (Көрнекі сурет

Сирияда соғысып жатқан исламшыл топ өкілдері. Идлиб провинциясы. (Көрнекі сурет

АҚШ Сирияның солтүстігінде үкімет әскерімен соғысып жатқан исламшыл көтерілісшілерге барлық әскери емес көмек түрлерін беруді тоқтатты. АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі өкілінің хабарлауынша, бұған исламшылдардың Батыс қолдайтын "Еркін Сирия армиясына" қарсы іс-әрекеті себеп болған.

Құрамына алты негізгі исламшыл көтерілісші топ кіретін "Ислам майданы" Түркиямен шекараны кесіп өтіп, 6 желтоқсанда Сирияның солтүстік-батысындағы оппозицияның Баб әл-Хава базасын алған еді. Бұған дейін Сирияда ислам мемлекетін құруды көздеген "Ислам майданы" "Еркін Сирия армиясы" басшылығын мойындамайтынын мәлімдеген.

"Ислам майданы" бірлестігіне "Ирак және Левант ислам мемлекеті", "Әл-Нусра майданы" сияқты "Әл-Қаидамен" байланысы бар топтар кірмейді. Оппозициялық күштердің алауыздығы Сирия үкіметі әскерінің шабуылы кезінде күшейіп отыр.
XS
SM
MD
LG