Accessibility links

Алматы "Барахолкаcында" тағы да өрт шықты


Барахолкадағы «Құлагер» базарындағы өрт. Алматы, 17 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Барахолкадағы «Құлагер» базарындағы өрт. Алматы, 17 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматының "Барахолка" атанып кеткен бірнеше базар орналасқан ауданындағы "Алатау-2" базарынан тағы өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 12 желтоқсанға қараған түні "Алатау-2" базары аумағында бес контейнер өртенген.

Өрттен ешкім зардап шекпеген. Контейнерлер ішінде тауар болған. Өрт басталғаннан кейін бір жарым сағаттан соң өшірілген. Өрт аумағы 150 шаршы метрге жеткен.

Соңғы кездері Алматы базарларында өрт жиілеп кетті. "Барахолкадағы" сауда базарлары шоғырланған жерде биыл күзде үш рет өрт шықты. Ал желтоқсанның 1-і күні Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы "Құрдас-7" базарында өрт болған жерден екі адамның жансыз денесі табылғаны хабарланған еді. Алматы әкімдігі базарларда өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайтынын айтады. Өртенген базардағы саударгерлер жұмыс орындарын қалпына келтіруді талап еткен.
XS
SM
MD
LG