Accessibility links

Өзбекстанда танымал газет тергеуге алынды


Өзбекстандағы "Даракчи" газетінің кезекті саны. (Көрнекі сурет)

Өзбекстандағы "Даракчи" газетінің кезекті саны. (Көрнекі сурет)

Өзбекстанда танымал басылымдардың бірі "Даракчи" газетінің үстінен "салықтан жалтарды" деген күдікпен тергеу басталды. Басылым президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың серігіне тиесілі.

Газеттің кейбір қызметкерлерінің Азаттыққа хабарлауынша, оларды демалыс алуға мәжбүрлеп, басқа жұмыс іздей берулеріне кеңес берген. Басылымға жарнама берушілер енді жарнамалары басылып шықпайтыны, бірақ ол үшін төленген ақшаларын қайтарып ала алмайтыны туралы ескертілгенін айтады. "Даракчи" есепшоттары бұғауланғаны себепті жарнама берушілер басылымға алдын ала төлеп қойған ақшаларын қайтарып ала алмаған.

Газет иесі, медиамагнат Фирдавс Абдухолиджонов Өзбекстаннан қашып кеткен деген ақпарат бар. Қазір оның қайда екені белгісіз.

Бұған дейін Гүлнара Каримова Twitter-дегі парақшасында жақын адамдарының тұтқындалып, оларға қарасты медиахолдингке қаржы алаяқтығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG