Accessibility links

"ҚазАқпарат" веб-сайты жаңармай тұр


ҚазАқпарат агенттігінің логотипі. (Көрнекі сурет)
ҚазАқпарат агенттігінің логотипі. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы ең үлкен мемлекеттік ақпарат агенттігі - "ҚазАқпараттың" веб-сайтында 10 желтоқсаннан бері ақпараттары мен хабарлары жаңармай тұр. Агенттіктің Алматыдағы тілшілер бюросының жетекшісі Сара Мұстафинаның Азаттыққа хабарлауынша, бұл агенттіктің Астанадағы бас кеңсесінің басқа жаққа көшуіне байланысты.

Оның сөзіне қарағанда, бас кеңсе 11 желтоқсанда жаңа мекен-жайға көшіп, жұмысын жалғастырған. Бірақ серверлерді орналастыру мен техникалық мәселелерге байланысты веб-сайт әзірге жаңармай тұр. Агенттік өкілінің айтуынша, бүгін күндіз агенттік қалыпты жұмыс тәртібіне көшіп, веб-сайт қайта жаңартылмақ.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын "ҚазАқпарат" агенттігі үкімет, парламент, жергілікті басқару орындарының жаңалықтарынан хабар таратады. Агенттіктің Қазақстанда және бірнеше шет мемлекеттерде тілшілері бар.
XS
SM
MD
LG