Accessibility links

Сирия көтерілісшілерін журналистерді ұрламауға шақырды


Сириялық көтерілісші топтардың бірі америкалық журналисті кепілге алып тұр. Сирия, қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириялық көтерілісші топтардың бірі америкалық журналисті кепілге алып тұр. Сирия, қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Халықаралық 13 ірі ақпарат ұйымы Сирия көтерілісшілерін журналистерді ұрлауды тоқтатуға шақырды. Ақпарат ұйымдарының мәлімдеуінше, қазір 30-дан астам журналист сириялық көтерілісші топтардың қолында қамауда отыр. Үндеуге New York Times, Washington Post, BBC, Guardian, Associated Press сияқты ақпарат ұйымдары қол қойған.

Ақпарат ұйымдары Батыс қолдайтын "Еркін Сирия армиясына", өзге де қарулы топтар мен ұйымдарға "шетелдік және жергілікті журналистерді ұрлау әлемге Сирияда не болып жатқанынан хабардар болуға кедергі келтіретінін" айтады. Олар көтерілісші топтардың жетекшілерін қамаудағы журналистерді босатуға шақырады.
XS
SM
MD
LG