Accessibility links

"Қазақстан қағазы": Тексеруге ұшырай бастадық


Қаржы полициясының қызметкері баспа есігіне мүлік тұтқындалғаны туралы қағаз жабыстырып жатыр. Алматы, 24 қыркүйек 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қаржы полициясының қызметкері баспа есігіне мүлік тұтқындалғаны туралы қағаз жабыстырып жатыр. Алматы, 24 қыркүйек 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін "Қазақстан қағазы" компаниясы Алматыдағы кеңсесіне қаржы полициясы өкілдері тінту жасап, "қылмыстық әрекет жасау және салықтан жалтару" туралы айып таққанын хабарлады. Қаржы полициясы бұл тексеруге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

"Қазақстан қағазы" бүгінгі тексеріс компанияның "қаржы жымқырды" деп айыпталған бұрынғы директорларының ісімен байланысты деп санайды.

20 қарашада Лондон жоғарғы соты компанияның бұрынғы акционерлері әрі директорлары Мақсат Әріп пен Бағлан Жүністің 100 миллион АҚШ доллары болатын активтерін бұғаулауға шешім шығарған еді.

"Қазақстан қағазы" тексеріс "жеке бас мүддесі тұрғысынан жасалып жатқанын көрсетеді" деп, Қазақстан билігін компанияның бұрынғы басшыларының үстінен берген шағымы мен қарсы әрекеттерін ескермей, заң бұзып отыр деп айыптайды.

"Қазақстан қағазы" компаниясы Лондон қор биржасына тіркелген. Компания қайта өңделген шикізаттан қағаз бен қаптама шығару жөнінен Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші логистикалық оператор.
XS
SM
MD
LG