Accessibility links

Еуропарламент делегациясы Иранға бармақ


Еуропарламент депутаты Тарья Кронберг.

Еуропарламент депутаты Тарья Кронберг.

Еуропа парламенті Иранға 2007 жылдан бергі алғашқы делегациясын жіберетінін хабарлады.

Бес адамнан тұратын делегация басшысы, Еуропа парламентіндегі финляндиялық депутат Тарья Кронбергтің айтуынша, делегация таяуда Иранға жасайтын бір апталық сапарында Иран парламенті депутаттарымен, Тегеран мэрімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, құқық қорғаушылармен кездеспек.

Кронбергтің сөзіне қарағанда, сапар мақсаты - Иран билігімен диалог орнату.

Еуропарламент өкілдері Иранда Сахаров сыйлығының иегерлері Джафар Панахимен және Насрин Сотудехпен де кездеспек.
XS
SM
MD
LG