Accessibility links

Путин жолдауында Иран мен Украинаны да айтты


Ресей президенті Владимир Путин халыққа арналған жолдауын оқып тұр. Мәскеу, 12 желтоқсан 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин халыққа арналған жолдауын оқып тұр. Мәскеу, 12 желтоқсан 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Кремльде Федералдық жиында халыққа арналған жыл сайынғы жолдауын оқыды.

Жолдауда Путин Ресейдің ішкі мәселелері, әскери басымдығынан бастап Иран мен Украинаға қатысты жағдайлар, АҚШ саясатына дейінгі тақырыптарды сөз етті.

Ресей президенті Иранның атом энергиясын бейбіт мақсатта, аймақтағы елдерге, оның ішінде Израильдің қауіпсіздігіне нұқсан келмейтіндей пайдалануға құқықты екені түпкілікті мойындалуы тиіс деді. Ол бұған қоса "ешкімнің Ресейден әскери басымдыққа ие болуына мүмкіндік бермейтінін" айтып, Мәскеудің "кез-келген қатерге жауап беруге дайын екенін" ескертті.

Путин жолдауында Батыс елдері Еуропада орнатып жатқан зымыраннан қорғаныс жүйесін сынап өтті.

Украинадағы жағдайларға қатысты сөзінде ол Киевтің "дағдарысты саяси жолмен реттейтінінен үмітті" екенін айтты. "Киевтің я Кеден одағына кіруге, я кірмеуге еркі бар" деді Путин.

Владимир Путин АҚШ-ты да айыптап, Ресейдің "өзгелерге қалай өмір сүруді үйрететін алпауыт ел болуға тырыспайтынын" айтты.
XS
SM
MD
LG