Accessibility links

Оралда журналист наразылық танытты


Полиция журналист Лұқпан Ахмедияровты әкетіп барады. Орал, 12 желтоқсан 2013 жыл. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

Полиция журналист Лұқпан Ахмедияровты әкетіп барады. Орал, 12 желтоқсан 2013 жыл. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласында журналист Лұқпан Ахмедияров «Президент пен памперсті тұрақты түрде ауыстырып тұру қажет» деген жазу жазылған плакат ұстап, қалалық әкімдік алдына шықты. Полиция бір адамдық наразылық шарасын ұйымдастырған журналист Лұқпан Ахмедияровты ішкі істер бөлімшесіне алып кетіп, аз уақыттан соң босатты.

- Түсте әкімдік алдына шықтым, қолым мұздап қалған соң қолғап алмақ болып плакатымды ұстаған күйі жақын маңдағы базарға барып едім, полиция қызметкері келіп, «мәселенің мән-жайын анықтаймыз» деп мені бөлімшеге алып келді, - деді Лұқпан Ахмедияров Азаттыққа.

Журналистің сөзінше, Орал қаласы ішкі істер басқармасының Абай бөлімшесінде өз әрекетіне қатысты түсініктеме жазған соң оны полиция жарты сағаттан кейін еркіне жіберген.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG