Accessibility links

Әзербайжан "ұлттық ойынына" қатысты дау күшейді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Әзербайжан үкіметі "човган" деп аталатын ұлттық ат ойыны ЮНЕСКО ұйымының қорғауға алынатын мәдени мұра тізіміне әзербайжандық ойын ретінде қосылуына байланысты Тәжікстанның берген шағымын "негізсіз" деп атады.

Әзербайжан мәдениет және туризм министрлігінің өкілі Associated Press агенттігіне берген сұхбатында "Қарабах тұқымды аттармен ойналатын човган ойынын өзінің ұлттық ойыны деп санайтын кез-келген ел ЮНЕСКО-ға жүгінсін" деді.

Желтоқсанның 9-ы күні Тәжікстан мәдениет саласының өкілдері човган ойыны тек Әзербайжанға ғана тиесілі емес, ол Ауғанстан, Армения, Тәжікстан, Иран, Түркіменстан және Өзбекстан мәдениетінің де бір бөлігі екенін айтып, ЮНЕСКО-ға шағымданған еді. Иран ақпарат құралдары да човган ойыны парсыларда да барын, оның чоган деп аталатынын айтып, ұйым шешімін сынады.

ЮНЕСКО желтоқсанның басында човган ойынын материалды емес мәдени мұралар тізіміне қосқан еді. Човган - атқа мініп ойнайтын поло ойынының бір түрі. Ертеректе човганды әзербайжан көшпенділері ойнайтын болған. Бірнеше шабандоздан құралған екі топ өзара сайысқа түседі. Ойын фольклорлық музыка аспабымен сүйемелденіп отырады.

ЮНЕСКО дерегі бойынша, әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен човган ойынының танымалдығы мен оның кейінгі ұрпаққа берілуі нашарлап кеткен.
XS
SM
MD
LG