Accessibility links

Карзай: Пактіге мәжбүрмен қол қоймаймын


Ауғанстан президенті Хамид Карзай.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ пен Ауғанстан арасында қауіпсіздік жөніндегі пактіге "мәжбүрлі түрде қол қоймайтынын" мәлімдеді. Бұл туралы ол Үндістанның NDTV телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Пакт Ауғанстаннан 2014 жылы НАТО күштері шығарылғаннан кейін де АҚШ әскерінің сол елде ары қарай қала беруін қарастырады.

Карзай сұхбатында екіжақты қауіпсіздік келісімі бейбітшілік пен тұрақтылық орнататынына кепілдік берілгенін қалайтынын айтты. Ол пактіге Ауғанстанда келесі жылы сәуірде болатын президент сайлауынан кейін ғана қол қоя алатынын тағы қайталаған.

АҚШ болашақты жоспарлау қажет деп, Карзайды пактіге жеделдете қол қоюға шақырады. Вашингтон Үндістан Карзайды пактіге қол қоюға көндіреді деп үміттенеді.

Бүгін Хамид Карзай Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхпен кездесіп, Үндістанның Ауғанстанға әскери көмек көрсетуі және Талибанды қайтадан билікке келтірмеу мәселесін талқыламақ.
XS
SM
MD
LG