Accessibility links

Ресей: Калининград облысында зымыран орналастыру - заңды


Мәскеудегі парадта көрсетілген "Искандер" әскери зымыран қондырғысы. (Көрнекі сурет)

Мәскеудегі парадта көрсетілген "Искандер" әскери зымыран қондырғысы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің батыс бөлігінде «Искандер-М» деп аталатын орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандар орналастыру ешбір халықаралық келісімдерге қайшы келмейді деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігі.

Бұның алдында германиялық Bild журналы Польша мен Литва арасындағы Ресей анклавы – Калининград облысында ресейлік зымыран кешені орналасқаны туралы ақпарат жариялаған еді. НАТО ұйымына мүше Польша мен Литва оны «қауіп туғызатын» хабар деп атады.

Бұған дейін Ресей Шығыс Еуропада зымыраннан қорғану жүйесін құру жөніндегі АҚШ жоспарына жауап ретінде Калининград облысында зымыран кешенін орналастыратынын айтып, сес көрсетіп келген еді.

Мамандардың айтуынша, «Искандер-М» зымыраны ядролық жойқын қарумен 500 шақырымдық радиустағы нысанаға соққы бере алады.
XS
SM
MD
LG