Accessibility links

Павлодар-Семей жолында алты адам қаза болды


Жол апатына ұшыраған көлік қаңқасы. (Көрнекі сурет)
Жол апатына ұшыраған көлік қаңқасы. (Көрнекі сурет)
Павлодар облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам мерт болған. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 18:30 кезінде Павлодар-Семей тас жолының 152 шақырымында болған. Жол үстінде "Setra" жолаушылар автобусымен соқтығысқан "ВАЗ" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі мен бес жолаушысы (арасында үш жасар бала мен жасқа толмаған сәби бар) сол жерде опат болған. Жеңіл көлікте болған тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Автобус жүргізушісі мен 43 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген. Жолаушылар басқа көлікпен Павлодарға жеткізіліген. Көлік апатына не себеп болғаны тексеріліп жатыр деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
XS
SM
MD
LG