Accessibility links

Ақмола облысында ондаған адам қар құрсауынан құтқарылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ақмола облысында қар басқан жолда тұрып қалған 100-ден астам адамға жәрдем көрсетілді деп хабарлайды «Интерфакс Қазақстан» агенттігі

Бүгін таңертең Астана-Петропавл тас жолында 76 адам қар құрсауынан босатылған. Ақкөл ауданында жолда қалған тоғыз адам (арасында бір бала бар) құтқарылған.

Ал Жаңаталап ауылы маңында көліктер соқтығысып, бес жеңіл көлік пен бір жүк машинасы жол үстінде тұрып қалған. Апат болған жерден құтқарушылар 15 адамды алып шыққан.

Ауа райын болжау қызметі сейсенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде күн құбылмалы болып, қар жауып, күшті жел тұрады, көктайғақ болып, тұман түседі, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасындатып, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге, түнде - 25 метрге дейін жетеді деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG