Accessibility links

Ресей Украинаға көмек беретін болды


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Украина президенті Виктор Янукович кездесу кезінде. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Украина президенті Виктор Янукович кездесу кезінде. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Ресей Украинаға газды арзан бағамен сатып, 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беретін болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Виктор Януковичтің 17 желтоқсанда Мәскеудегі кездесуінен кейін белгілі болды.

Путиннің айтуынша, Ресей Украинаға газды уақытша текше метрін 268,5 АҚШ долларына дейін арзан бағамен сатады. Ол бұған қоса Ресей Украинаға өзінің ұлттық әл-ауқат қорынан 15 миллиард АҚШ долларын беретінін де мәлімдеді. Украинаға экономикасын қалпына келтіру үшін 10 миллиард АҚШ доллары қажет.

Киевте оппозиция Янукович Украинаны Кеден одағына кіргізбек деген қауіппен жақтастарын ауқымды демонстрацияларға шығуға шақырды. Бірақ, Путиннің айтуынша, кездесуде Кеден одағы туралы әңгіме қозғалмаған.

Украина мен Ресей президенттерінің Мәскеудегі келіссөздері Киевтегі наразылық шаралары толастамай тұрған уақытта өтіп жатыр. Жүздеген мың украин азаматтары президент Виктор Януковичтің Мәскеудің қысымына бола Еуропа Одағымен арадағы маңызды саяси және сауда келісім-шарттарына қол қоюды кейінге қалдырғанына қарсы.
XS
SM
MD
LG