Accessibility links

Астанада наразы топты полиция ұстап әкетті


Бүгін Астанада Қазақстан бас прокуратурасына шағым айтуға келген ондаған адамды полиция ұстап әкетті деп хабарлады Азаттық тіллшісі

"Махаббат" тұрғын үй кешені тұрғындары өздерін үйлерінен күштеп шығаруға наразылық танытып, бас прокуратураға арыз тапсыруға жиналған еді.

Тұрғындардың бірі Айжамал Балтабаеваның айтуынша, 2009 жылы 400-ден астам адам 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, тұрғын үй кешені иесіне ақша төлеп келген. Алайда қожайын үйді басқа компанияға сатып жіберіп, жаңа қожайын олардан пәтерлерді босатуды талап еткен. Сот тұрғындардың келісім-шарттарын жарамсыз деп тауып, оларды пәтерлерінен шығару туралы шешім қабылдаған. Бірақ олар пәтерден шығаруға наразылық танытып, келісім-шарт жасасқан адамдардың үстінен арызданған.

Тұрғындар өздерімен келісім-шарт жасасқан тұлғалардың үстінен түсірген арызы бойынша қылмыстық іс қозғауды, я осы кезге дейін пәтерге төлеп келген ақшаларын қайтарып бергізуді сұрап бас прокуратураға шағым жазды. Қазір тұрғындар арасынан үш адам прокуратураға арызбен кіріп кетті.

"Махаббат" тұрғын үй кешені тұрғындары бұған дейін даулы іске қатысты сот шешіміне наразылық білдіріп, қыркүйек айында бас прокуратура алдында акция өткізген еді.
XS
SM
MD
LG