Accessibility links

Ауғанстанда Талибан НАТО базасына шабуылдады


Нангархар уәлаятында болған жарылыстан кейінгі көрініс. Қараша, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Нангархар уәлаятында болған жарылыстан кейінгі көрініс. Қараша, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ауғанстанның Пәкістанмен шекарасына жақын Нангархар уәлаятында Талибан жасағы НАТО-ның жанармай таситын көлігіне шабуыл жасап, бір полицей қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, жанкешті НАТО әскери базасының қақпасы алдында бомба жасырылған көлікті жарып жіберген. Жарылыстан сол маңда тұрған бірнеше танкер жанып кеткен. Бұдан соң ауған әскерінің үлгісінде киінген бірнеше адам базаға басып кіріп, НАТО әскерімен атысқан. Бұл қақтығыста шабуыл жасаушылардың барлығы қаза тапқан. Жарылысты Талибан өз мойнына алды.

17 желтоқсанда Ауғанстанның оңтүстігінде тікұшақ апатынан НАТО-ның алты сарбазы қаза тапқан еді. Апат себептері қазір тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG