Accessibility links

Қазақстанда 400-дей басылым интернетке көшпек


Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков.

Қазақстанда 2013 жылдың соңына дейін 400-ге жуық басылым интернетке көшеді.

Бұл туралы бүгін Астанада қазақстандық ақпарат құралдарының бәсекеге қабылеттілігін арттыру жайында өткен семинарда ақпарат және мәдениет министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстанда биыл алғашқы жарты жылда "Ақпараттық Қазақстан-2020" бағдарламасы аясында 250 басылым интернетке көшкен. Жыл соңына дейін оның саны 400-ге дейін жетпек.

Кальянбековтің сөзіне қарағанда, бірқатар аймақтық газеттер әлі күнге дейін интернетке көшпей, басылым күйінде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG