Accessibility links

CPJ сотталған журналистер туралы есебін шығарды


Committee to Protect Journalists ұйымының веб-сайты. Көрнекі сурет.

Committee to Protect Journalists ұйымының веб-сайты. Көрнекі сурет.

Әлемде сотталған журналистердің жартысынан көбі Түркия, Иран және Қытайда. Бұл туралы 18 желтоқсан күні жариялаған есебінде журналистер құқықтарын қорғайтын Committee to Protect Journalists (CPJ) ұйымы хабарлады.

Ұйымның есебінше, әлемдегі сотталған журналистер, блогерлер мен тілшілердің жартысынан көбі осы үш елде отыр. Сотталған журналистері ең көп 10 елдің тізіміне Эритрея, Вьетнам, Сирия, Әзербайжан, Эфиопия, Египет және Өзбекстан кірген. Түркия мен Иран өткен жылы да тізім басында тұрған еді.

CPJ дерегіне қарағанда, қазір Түркияда 40 журналист кәсіби қызметіне байланысты түрмеде отыр. Өткен жылы бұл елде 61 журналист түрмеге жабылған. Ал Иранда биыл сотталған журналистер саны 35-ке жеткен.
XS
SM
MD
LG