Accessibility links

Генерал Есетовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды


Шекара қызметі академиясының бұрынғы басшысы, генерал-майор Талғат Есетов (сол жақта). Алматы, 3 қаңтар 2013 жыл.

Шекара қызметі академиясының бұрынғы басшысы, генерал-майор Талғат Есетов (сол жақта). Алматы, 3 қаңтар 2013 жыл.

"Өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болды" деп хабарланған ҰҚК-нің шекара қызметі академиясының басшысы, генерал-майор Талғат Есетовтің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғаны мәлім болды. Бұл ақпаратты 18 желтоқсан күні бас әскери прокурордың аға көмекшісі Бауыржан Бақытбаев растады.

Бұған дейін бас әскери прокуратура басқармасының бастығы Тілекжан Саткен жергілікті ақпарат агенттіктеріне генерал өлімін бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры зерттегенін, тергеу кезінде ешқандай заңға қайшы әрекеттер табылмағанын хабарлаған еді.

«Аталған жағдайға сәйкес, 2013 жылдың 28 наурызында қылмыс оқиғасы тіркелмегендіктен қылмыстық іс тоқтатылды. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес алдын-ала тергеу деректері жарияланбайды» деген еді ол.

Талғат Есетов 2013 жылы 31 қаңтарда қайтыс болды. Ресми орындар "ол жұмыс кабинетінде өзіне-өзі қол салып, атылып өлді" деп хабарлаған болатын. Ақпан айында бұл оқыс оқиғаға қатысты "өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG