Accessibility links

Сирия химиялық қаруын жою жоспары жасалды


Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым басшысы Ахмет Узумджу.
Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым басшысы Ахмет Узумджу.
Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым Сирияның химиялық қаруын жоюдың жоспарын жасады. Бірақ ұйым Сириядағы кең ауқымда жүріп жатқан соғыстың салдарынан оны жүзеге асырудың біраз кешеуілдеуі мүмкін екенін ескертті.

Ұйым басшысы Ахмет Узумджудың айтуынша, жоспарға сай химиялық қару Сирия территориясы арқылы үш мың контейнерге салынып шығарылады. Әуелі Ресей бронды техникалары арқылы химиялық қару Сирияның Латакия портына жеткізіледі. Бұдан соң ол даниялық және норвегиялық кемелерге тиеліп, Италия портына әкетіледі. Бұл жерден аса улы делінген заттар америкалық кемеге тиеліп, мұхитта жойылады. Қалған бөлігі арнайы кәсіпорындарда жойылады.

Ұйым жалпы салмағы 1300 тонна химиялық қаруды 2014 жылдың ортасына дейін жойып бітіруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG