Accessibility links

Молдова президенті Сочиге бармайды


Молдова президенті Николае Тимофти.
Молдова президенті Николае Тимофти.
Молдова президенті Николае Тимофти келесі жылы ақпанда өтетін Сочи олимпиадасының ашылу салтанатына бармайды. Бұл туралы 18 желтоқсанда президент аппаратынан хабарлады.

Молдова президенті Сочи олимпиадасына барудан бас тартқан алғашқы мемлекет басшысы емес. Бұған дейін Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия президенті Йоахим Гауктің олимпиадаға бармайтыны белгілі болған еді. Сарапшылар Гауктің олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысудан бас тартуын Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуы мен саяси оппозицияға деген көзқараспен байланыстырады.

АҚШ президенті Барак Обаманың да жұмыс жоспарына байланысты олимпиадаға бара алмайтыны хабарланған. АҚШ Сочиге бұрынғы ішкі қауіпсіздік министрі Джанет Наполитано бастаған ресми делегациясын жібермек.
XS
SM
MD
LG