Accessibility links

Ердоған Түркиядағы тұтқындауларды айыптады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған полицияның өз үкіметіне қарсы парақорлық туралы ауқымды тергеу жұмыстарын «лас әрекет» деп атады. 18 желтоқсанда журналистермен кездескен Ердоған «біз саяси астыртын сөз байласу әрекетіне жол бермейміз» деген.

17 желтоқсанда Стамбул мен Анкарада 50-ден астам адамды тұтқындау ісін басқарған полицияның бес басшысы орнынан алынған еді. Қос қаладағы тексеріс кезінде ұсталғандар арасында Ердоған үкіметіндегі министрлердің үш ұлы да бар.

Жергілікті ақпарат құралдары тұтқындаулар Режеп Тайып Ердоған мен оның бұрынғы одақтасы, ықпалды мұсылман жетекшісі Фетхулла Гүленнің арасындағы алауыздықтан шығып отыр дейді. Ақпараттарға қарағанда, Гүленнің жақтастары мемлекеттік құрылымдарда жоғары қызметтерді иеленген.
XS
SM
MD
LG