Accessibility links

Виктор Янукович Ресеймен келісімді түсіндірмек


Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович бүгін кешке қарай жергілікті телеарналардан тікелей эфирден сөйлеп, 17 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жасасқан келісім туралы да айтпақшы.

Янукович пен Путин жасасқан келісім бойынша, Ресей Украинаға өзінің ұлттық қорынан 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек береді. Бұған қоса Ресей Украинаға сататын газының бағасын үш есеге дейін арзандатады.

Бірақ Украина оппозициясы келісімге наразылық танытып, Януковичтің отставкаға кетуі туралы талаптарын күшейтті. Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Януковичті "Украинаның тәуелсіздігін "қолдан берді" деп айыптады. Ол "УДАР" партиясы үкіметті отставкаға жіберу үшін күреседі деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG