Accessibility links

Астанада бораннан әуе рейстері бөгелді


Бораннан құлап қалған шырша. Астана, 5 желтоқсан 2013 жыл. Сурет әлуметтік желіден алынды. Көрнекі сурет.

Бораннан құлап қалған шырша. Астана, 5 желтоқсан 2013 жыл. Сурет әлуметтік желіден алынды. Көрнекі сурет.

Астанада 19 желтоқсан күні соққан күшті боран кесірінен әуежайда бірқатар халықаралық және ішкі рейстер бөгелді.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежай маңында 50 метрден ары қарайғы жол көрінбейді. Қазір әуежайда Астанадан кесте бойынша ұшатын барлығы 12 рейс - Киев, Стамбул, Омбы, Шарджа, Ташкент, Алматы, Атырау, Өскемен, Қостанай, Орал, Семей және Талдықорған бағыттарына ұшу кейінге шегерілген.

Бұдан өзге Астанаға ұшып келетін бірнеше рейс те бөгелген. Орынбор, Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Қызылордаға жоспарланған рейстер ұшырылмайтын болды. "Қазгидромет" мекемесінің болжамы бойынша, Астана қаласы мен Ақмола облысында бораң ертең, 20 желтоқсанда да басылмайды.

Бүгін күндізден бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы боран мен жолдың нашар көрінуінен "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 587-733 километр аралығында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды.
XS
SM
MD
LG