Accessibility links

Пәкістан: Арнайы операцияда 32 адам мерт болды


Пәкістан картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістан картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Солтүстік Вазиристан аймағында қауіпсіздік күштерінің содырларға қарсы арнайы операциясында 32 адам мерт болып, ондаған адам жараланды.

Азаттықтың Пәкістан қызметінің жергілікті билік орындарына сілтеме жасай хабарлауынша, Мир Әли ауданында қонақ үйге жасалған шабуыл кезінде 25 адам қаза тапқан. Жергілікті базар аумағында жасалған тексеріс кезінде тағы бірнеше бейбіт тұрғын мерт болған. Бұдан өзге бір үйді атқылау кезінде бір әйел мен оның үш баласы қаза тапқан.

Пәкістан армиясы 18 желтоқсанда Мир Әлидегі әскери кешенде жанкешті көлікті жарып жібергеннен кейін арнайы операция бастаған еді. Жарылыстан төрт адам құрбан болған. Жарылысты пәкістандық Талибанмен байланысы бар, аса танымал емес "Ансар ул Муджахеддин" тобы мойнына алды.
XS
SM
MD
LG