Accessibility links

Галактика картасын жасайтын спутник ұшырылды


Гвиана аймағындағы ғарыш айлағы, Оңтүстік Америка. Көрнекі сурет.
Гвиана аймағындағы ғарыш айлағы, Оңтүстік Америка. Көрнекі сурет.
Еуропалық ғарыш агенттігі бүгін Оңтүстік Америкадағы Гвиана аймағындағы ғарыш айлағынан Галактиканың үш өлшемді астрономиялық картасын жасау үшін ғарыштық телескобы бар спутник ұшырды.

Ғалымдар осы арқылы жұлдыздар мен оларға жақын нысандардың ең дәл картасын жасап, Күн жүйесінен тысқары орналасқан жаңа ғаламшарларды анықтауды көздеп отыр.

Бұл жолы ұшырылған телескоп - Еуропада ең соңғы үлгіде жаңартылған құрылғы болып саналады. Оны жасауға 740 миллион еуро жұмсалған.
XS
SM
MD
LG