Accessibility links

AI: "Әл-Қаида" Сирияда азаптау тәсілін қолданады


Әуе шабуылы кезінде балаларын көтеріп алған сириялық әйел, Алеппо провинциясы. (Көрнекі сурет)

Әуе шабуылы кезінде балаларын көтеріп алған сириялық әйел, Алеппо провинциясы. (Көрнекі сурет)

Amnesty International ұйымы Сириядағы "Әл-Қаидамен" байланысы бар көтерілісшіл топтар құпия түрмелерде адамдарды азаптап, дүрелеп, қинайтыны жайлы деректер келтіреді. Ұйым дайындаған арнайы есепте Сирияның солтүстігіндегі Алеппо және Әл-Рагга провинцияларында көтерілісшілер құрған Ирак және Шам ислам мемлекетінің арнайы жеті түрмесі бары айтылады.

Ұйымның Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша директоры Филипп Лютердің айтуынша, түрмелердегі тұтқындар арасында үлкендермен бірге отырған балалар да бар.

Amnesty International халықаралық қауымдастықты "Ирак және Шам ислам мемлекеті мен әскери қылмыстарға қатысы бар басқа да көтерілісшіл топтарға қару-жарақ пен көмек жеткізуді тоқтату шараларын жасауға" шақырады.
XS
SM
MD
LG