Accessibility links

Лондон театрында ондаған адам жараланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
19 желтоқсан күні кешке Лондонның орталығындағы Apollo театрында спектакль жүріп жатқан кезде шатыр құлап, 90-ға тарта адам жарақат алған, қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен 81 адам өздігінен жүре алады. Олардың көпшілігі басынан жарақат алған. Жеті адам ауыр жарақаттанған. Шатыр құлаған кезде театрда 700-ге жуық адам болған деген ақпарат бар.

Театр шатырының не себепті құлағаны бегісіз. Бірақ полиция төтенше оқиғаға қасақана жасалған іс-әрекет немесе шабуыл себеп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG