Accessibility links

Иракта жарылыстардан 33 адам мерт болды


Бағдадта болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Ирак, 16 желтоқсан 2013 жыл.
Бағдадта болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Ирак, 16 желтоқсан 2013 жыл.
19 желтоқсанда Ирактың Кербала қаласына зиярат жасауға бара жатқан шииттер тобына шабуылдар жасалып, 30-дан астам адам қаза тапқан.

Бағдадтың оңтүстігіндегі Дура ауданында бір жанкешті шииттерге тақап келіп өзін-өзі жарып жіберіп, 14 адамды мерт еткен. Бағдадтан оңтүстікке қарай орналасқан Юсуфия қаласында тағы бір жанкешті діни жоралғы жасауға кетіп бара жатқан топтың ортасында өзін өзі жарып, сегіз адам көз жұмған. Қаланың оңтүстігіндегі Латифия ауданында тағы бір жанкештінің жарылысынан 11 адам қаза тапқан.

Жыл сайын жүздеген мың адам, көпшілігі жаяулап, Кербала қаласына қажылық жасайды. Қажылық Мұхаммед пайғамбардың немересі имам Хусейннің қаза тапқан күнінен кейін 40 күн бойы жалғасады.

Соңғы айларда Иракта діни топ өкілдеріне қарсы шабуылдардан жүздеген адам өлген. Биылғы жылдың өзінде шабуылдар мен жарылыстардан 5500-ден астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG